Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: тағы екі қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Недовесов және Дмитрий Попко жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовпен күш сынасты.

Қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.

Дмитрий Попко грузиялық Александр Метревелимен бірге қарсыластары, жапониялық Татцума Ито – ұлыбританиялық Райан Пенистон кортқа шықпағандықтан, ширек финалға

жолдама алды.

А.Недовесов – В.Троицки және Д.Попко – А.Метревели жұптары өзара кездесіп, қай жеңгені жартылай финалға өтеді.

Жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Тимофей Скатов екінші айналымда аустриялық Себастьян Офнермен шеберлік байқасып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.

Сөйтіп ол ширек финалға өте алмады.

Бүгін Т.Скатов фин Отто Виртаненмен бірге жұптықтсында ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскоймен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шыққанын, А.Бубликтің Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар