Теннистен ҚР Президенті Кубогінің жүлде қоры - 205 мың доллар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада теннистен Президент Кубогі жалғасып жатыр. Үш күнде 30-ға жуық елден келген 100-ден аса спортшы өзара кездесіп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Енді кортқа тек келесі кезеңге өткендері ғана шығады. Қазақстандықтар арасында ең үздік көрсеткіш Тимур Хабибуллинге тиесілі. Ол жұптық сында ширек финалға жетті. Ал жекелей сында Александр Недовесов пен Анна Данилина бүгін кезекті қарсыластарымен жолығады. Қалған отандық теннисшілер жарысты алғашқы айналымда аяқтап қойған болатын.

Халықаралық жарыс алдағы жексенбіге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайды.

«Барлық ойыншылар келіп осы жерде жүлде қорына емес, рейтингке ұпайларын жинап, алдағы әлемдік додаларға дайындығын пысықтап жатыр. Сондықтан біздің құрама команда да осы жерге қатысуда», - деді Қазақстан теннис федерациясы президентінің орынбасары Диас Досқараев.

Соңғы жаңалықтар