Теннистен қазақстандық төреші күміс белгі иегері атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Игнатченко мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Ю.Игнатченко әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақты қазақстандықтар арасынан бірінші болып алып отыр.

Күміс белгіге (Silver Badge) қол жеткізу үшін кемінде халықаралық деңгейдегі 60 матчқа қазылық етіп, алтын белгісі бар төрешілер мен супервайзерлерден жақсы баға алу керек. Сосын ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиын өткізіп, кімге беретінін шешеді. Күміс белгі иегерлері «Үлкен дулығадан» бастап кез келген негізгі жарыстарға қазылық жасай алады.

«Біліктілігімнің артқаны жөнінде хат алдым. Бұл - үлкен қуаныш. Жыл Аустралия ашық чемпионатының финалына төрешілік етуден басталып, осындай табысқа қол жетіп отыр. Мені қолдаған отбасыма, Қазақстан теннис федерациясына, сенген адамдардың бәріне алғысымды білдіремін», - деді Юлия Игнатченко.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлерді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанды.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар