Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогін жеті рет ұтқан Аустралия, сондай-ақ Словениямен ойнайды.

Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады.

Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуірде іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Испанияның Севилья қаласында 7-12 қарашада өтетін финалдық додада 12 команда бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Рабат турнирінің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар