Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа турнирде ойнайды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан құрамасы жаңа жарыс – United Cup кубогінде ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

United Cup турнирі Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында 29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында өтеді.

Жаңа аралас командалық додаға 18 құрама қатысады.

Турнирдің ресми сайты мәлім еткеніндей, соңғы құрама ретінде Қазақстан анықталды.

Қазақстандықтар B тобында Польша және Швейцария командаларымен шеберлік байқасады.

Бұл беделді жарыста ел намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова қорғайды.

Топтардың толық құрамы мынадай болды.

A тобы: Грекия, Бельгия, Болгария.

B тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

C тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D тобы: Испания, Аустралия, Ұлыбритания.

E тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Жапониядағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина бір жылда 370 эйс жасап, әлемде екінші болды.

Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар