+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады

2019 жылғы 8 қараша 22:54
Бөлісіңіз:
Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстан құрамасы 18-24 қарашада Мадридте өтетін Дэвис кубогы финалына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді Қазақстандық теннисші қыз Чилидегі ITF турнирінің финалына шықты Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жоғарылады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, айтулы додада әлемнің ең үздік 18 құрамасы сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Нидерланды теннисшілерімен бір топта бақ сынайды.

Қазақстандықтар 19 қараша күні Нидерланды, 21-інде Ұлыбритания құрамасымен ойнайды.

Құрама сапында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Братислава 2 челленджер турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

М.Кукушкин ширек финалда босниялық Дамир Джумхурмен кездесті. Есеп 3:6, 1:1 болғаннан кейін қазақстандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Сол секілді осы жарыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен жартылай финалда чехиялық Роман Ебавы мен словакиялық Игорь Зеленайға 6:7 (5:7), 4:6 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Ноксвилл челленджер турнирінде словениялық Блаж Роладан 4:6, 4:6 есебімен ұтылып, ширек финалға шыға алмады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT