Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Теннистен 2023 жылғы әлем чемпионаты – Дэвис кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, командалық әлем чемпионатының финалына шығу үшін ұлттық құрама Чилимен таласады.

Матч 4-5 ақпанда Чили елінде өтеді.

Дэвис кубогінің іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Әр матчта үздік шыққан 12 команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға 2022 жылғы Дэвис кубогінің финалистері – Канада мен Аустралия, сондай-ақ арнайы шақырту (wild card) алған Италия мен Испания қосылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Италиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар