+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді

2021 жылғы 18 сәуір 02:17
Бөлісіңіз:
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинаны жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қызылжар» «Каспийден» басым түсті Шайбалы хоккей: Қазақстан мен Беларусь жолдастық кездесуі өтпейтін болды Елордада шағын футболдан ҚР Президентінің суперкубогы өтіп жатыр

Жекелей кездесулерде есеп 2:2 болғаннан кейін матч тағдыры жұптық сында шешілді.

Қазақстаннан құрама капитаны Ярослава Шведова мен Анна Данилина, Аргентинадан Надя Подороска мен Мария Лурдес Карле кортқа шықты.

Капитанның өзі ойынға араласқаннан кейін оның орнына Зарина Дияс шығып, құрама мүшелеріне көмектесті.

Бірінші партияда қазақстандық жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте есеп 2:2 болған сәтте аргентиналықтар брейк жасап, алға шықты. Олар сетке доп бергенде, қазақстандық жұп қайыра брейк жасады – 5:5. Я.Шведова мен А.Данилина тағы бір брейкпен матчты бітірді – 7:5.

Жұптық бәсеке 1 сағат 25 минутқа созылды.

Осылайша Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Билли Джин Кинг кубогының шешуші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл бәсекелер алдағы жылы өтеді. Жеребе тартылғаннан кейін Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Қазақстан – Аргентина жеңіспен бастағанын, сосын есептің теңескенін, Е.Рыбакинаның командасын алға шығарғанын жазған болатынбыз.

Ал Ю.Путинцева жарақат алып, ойынды жалғастыра алмағаннан кейін таразы басы қайта теңесті.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT