Теннистен Дэвис кубогы: Кукушкин Қазақстан - Канада матчын жеңіспен бастады

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан - Канада матчы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Канададан Брейден Шнур шықты.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық танытты - 6:3.

Екінші сетте тай-брейкте Шнурдың жолы болды - 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияда әуелі канадалық спортшы брейк жасағанымен, Кукушкин алысқа ұзатқан жоқ. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 7:5.

Тартысты өткен бәсеке үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Енді жекелей сында Александр Бублик пен Вашек Поспишил шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Швецияны жеңгенін , Анна Данилинаның Дубайдағы жарыста жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар