Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді
2021 жылғы 27 қараша 21:05

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді

МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Андре Горанссон - Роберт Линдстердтпен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық жұп екі брейк жасады - 6:3.

Олар екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол қарқынын төмендеткен жоқ - 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында А.Голубев пен А.Недовесов 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Осылайша Қазақстан құрамасы топтық бәсекедегі алғашқы матчта Швецияны 2:1 есебімен ұтты.

Қазақстандықтар ертең Канада командасымен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан мен Швеция кездесетінін , Михаил Кукушкиннің қарсыласына есе жібергенін , Александр Бубликтің есепті теңестіргенін жазған болатынбыз.


Фото: Sports.kz.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT