USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швециямен кездеседі

2021 жылғы 27 қараша 00:10
Бөлісіңіз:
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швециямен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы 27 қараша күні Швециямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: Анна Данилина жарысты сәтті бастады Australian Open: Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға шықты Australian Open: Тимофей Скатов қарсыласына есе жіберді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Мадридте ел құрамасы (капитаны Юрий Щукин) сапында Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев және Александр Недовесов өнер көрсетуге дайын.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов та теннисшілерді қолдау үшін Испания астанасына ат басын тіреді.

Құрама ойыншыларына спарринг-серіктес ретінде Тимофей Скатов пен Бейбіт Жукаев бірге жаттықты.

Швециялықтар осал қарсылас емес. Олар алғашқы матчта 2019 жылғы Дэвис кубогының финалистері – Канада командасын күтпеген жерден 3:0 есебімен ұтып кетті.

Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатынын жеткізді.

«Біз басқа командаларға қарағанда ертерек келдік және жақсы дайындалдық. Дэвис кубогының ерекшелігі, мұнда өзің үшін емес, елің үшін сынға түсесің. Сондықтан жауапкершілік жүгі де жоғары», деді А.Бублик.

«Швецияны 3-0 есебімен жеңуіміз керек екенін жақсы түсінеміз. Біздің командада тәжірибелі ойыншылар бар, олар бірнеше рет үздік теннисшілерді жеңе алатынын дәлелдеді. Жігіттер тұрақты өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенемін», деді Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин.

Матчтарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Швеция және Канадамен кездесулер 27 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қыздардың Азия командалық біріншілігінің чемпионы атанғанын, Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Фото: Андрей Ударцев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT