Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен 2022 жылғы Дэвис кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандықтар финалдық кезеңге жолдама алу үшін Норвегиямен күш сынасады.

Матч алдағы жылы 4-5 наурыз күндері Норвегияда өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық бәсекеден тұрады және үш сеттік форматта өтеді.

Финалға іріктеу кезеңінде үздік атанған 12 команда жолдама алады. Оларға биылғы Дэвис кубогының финалистері – Ресей мен Хорватия қосылады. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Сербия құрамалары арнайы шақыртумен барады.

Биыл Мадридте Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, Сербияға есе жіберген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жасар Зара Дәркеннің Еуропада үздік шетелдік ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Түркия мен Норвегияда өткен турнирде жеңімпаз атанды.






Соңғы жаңалықтар