USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты

2021 жылғы 28 қараша 20:21
Бөлісіңіз:
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты

МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчы хард төсенішінде өтеді Қазақстандық аса ауыр салмақтағы нокаутшы WBC титулынан айқассыз айырылды Бейжің Олимпиадасына Қазақстан атынан 3 биатлоншы қатысады

Бүгін жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Вашек Поспишилмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик екі рет брейк жасады - 6:2.

Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте қазақстандық теннисші қарсыласының сетбол жасауына мүмкіндік бермеді. Сосын өзі матчболын мүлт жіберген жоқ - 7:6 (8:6).

Бәсеке барысында Бублик 18 эйс жасады. Сөйтіп А.Бублик есепті 2:0-ге жеткізді. Енді жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Осылайша Қазақстан құрамасы кеше Швецияны жеңсе, бүгін Канаданы сүріндіріп, алтыншы рет Дэвис кубогының ширек финалына шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Швецияны жеңгенін, Анна Данилинаның Дубайдағы жарыста жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Қазақстан - Канада матчын жеңіспен бастады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT