USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты

2021 жылғы 28 қараша 23:17
Бөлісіңіз:
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты

МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадридте Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды Australian Open: Анна Данилина жарысты сәтті бастады Теннис: Заңғар Нұрланұлы «Мастерс» чемпиондық жарысында 3 апта қатарынан көш басында келеді

Бұған дейін Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жекелей сында қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстан мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алған еді.

Соңғы бәсеке жұптық сында Андрей Голубев - Александр Недовесов және Канада тарапынан Петер Полански - Брейден Шнур арасында өтті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық жұп басымдылық көрсетті - 6:4.

Екінші сетте тай-брейкте канадалықтар сәтті ойнады - 7:6 (8:6).

Үшінші, шешуші партияда қазақстандықтар бет қаратпады - 6:1.

Осылайша Қазақстан құрамасы Канаданы 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан - Канада матчын Михаил Кукушкиннің жеңіспен бастағанын , қазақстандықтардың ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT