Теннистен Дэвис кубогы: Алғашқы ойында Қазақстан Нидерландыға есе жіберді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Нидерланды матчы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып кортқа Михаил Кукушкин мен Робин Хасе шықты.

М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 91-орында тұрса, қарсыласы 169-сатыда еді. Дегенмен екеуінің де шеберлігі толысқан, тәжірибелі спортшылар екені анық-ты.

Бірінші партия қазақстандық теннисші жақсы бастағанымен, соңына қарай әбжілдік танытқан Р.Хасе жеңіске жетті – 6:4.

Есесісіне екінші сетте брейк жасаған М.Кукушкин 3:0 есебімен алға шықты. Алайда қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұдан кейін қазақстандық теннисші өзі доп бергенде, 0:40 есебімен ұтылып жатып, геймді өз пайдасына шеше алды – 4:3. Ақыры тай-брейкте айқын басымдылық танытты – 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда есеп 4:3 болған мезетте Р.Хасе брейк жасап кетті. Содан соң екінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:3.

Тартысты бәсеке 1 сағат 48 минутқа созылды.

Осылайша Нидерланды 1:0 есебімен алға шықты.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 196-сатыдағы Таллон Грикспурмен шеберлік байқасады.

Ертең Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Уэсли Кулхоф пен Жан-Жюльен Ройермен кездеседі. Ал А.Бублик Р.Хасемен, М.Кукушкин Т.Грикспурмен күш сынасады.

Бұл матчтың жеңімпазы Мадридте 23-29 қарашада өтетін жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алады. Өткен жылы Испания астанасында өнер көрсеткен қазақстандықтар Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Биыл Қазақстан құрамасының капитандық тізгінін Диас Досқараевтан Юрий Щукиннің алғаны белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі орны жөнінде жазған болатынбыз.

Тартысты бәсеке 2 сағат 28 минутқа созылды.


Соңғы жаңалықтар