Теннистен Аустралия ашық чемпионаты: Қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен дулыға» турнирінің 29-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған америкалық Бернарда Перамен ойнайды.

Әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған 33 жастағы тайбэйлік Се Шувэймен шеберлік байқасады.

Ал 73-орындағы Зарина Диястың қарсыласы – тағы бір америкалық, әлемнің 22-ракеткасы, 18 жастағы жас талантты теннисшілердің бірі Аманда Анисимова.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 65-орындағы америкалық Джордан Томпсонмен кездеседі.

Рейтингте 67-сатыда тұрған Михаил Кукушкин Аустралия елінің өкілі Марк Полманспен күш сынасады.

Жекелей сында бұлардың қатарына іріктеу сайыстарынан өтсе, тағы бір қазақстандық Дмитрий Попконың қосылуы мүмкін.

Негізгі дода 20 қаңтарда басталып, екі аптаға созылып, 2 ақпанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын, ал Елена Рыбакинаның Хобарт турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар