Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар D тобында екінші кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді

Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Содан кейін Әмір Омарханов Жу Фенгтің меселін қайырды – 6:4, 6:0.

Жұптық сында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарының осал тұсын тапты – 6:3, 6:4.

Осылайша, 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.


Ертең Өзбекстанмен өтетін матчта топта кімнің бірінші орын алатыны шешіледі. Ширек финал жеребесі 10 мамыр күні кешкісін тартылады.

Әлем чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағынан тек төрт команда жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жаңа Зеландияны ойсырата ұтты.


Соңғы жаңалықтар