Теннистен ӘЧ: Жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Простеев қаласында (Чехия) 1-6 тамызда 14 жасқа дейінгілер арасында өтетін командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер А тобында Италия, Аргентина және Эквадор командаларымен сынға түседі.

Италия құрамасы – әлем чемпиондары. Өткен жылы олар финалда ресейліктерді 2:0 есебімен ұтқан болатын. Аргентина да осал емес, бұл құрама 2016 жылы үздік шыққан еді.

Қазақстандықтар әлемдік додада сегізінші болып тіркелген. Ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Бапкерлер құрамы: Сергей Квак – капитан (бас жаттықтырушы), Дмитрий Костецкий – жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы, Тимур Аққазиев – делегация басшысы, федерацияның Team Kazakhstan департаментінің директоры.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Анна Данилинаның Варшава турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz


Соңғы жаңалықтар