Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты

None
Фото : Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы – Үндістан командасын ұтты.

Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева да қалыспады – 6:4, 6:7, 6:2.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 наурыз күні жартылай финалда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар ширек финалда Таиланд командасынан басым түсті.

Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан командалық әлем чемпионатының финалдық сатысына үш жолдама беріледі. Финалдық кезең жазда Чехияның Простеев қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек Майами мастерс турниріне қатыспайды.

Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды.

Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жарыс жолынан шығып қалды.


Соңғы жаңалықтар