Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Ж. Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын, кеше Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина Майами турнирінің финалында жеңіліп қалды. Дегенмен, ол Майамиде 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд орнатты. Спортшының қанша табыс тапқаны да жазылды.

Ал, Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды.


Соңғы жаңалықтар