Теннисші Жібек Құламбаева Антальядағы турнирдің финалына шықты

None
АНТАЛЬЯ. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында топырақ төсенішіндегі турнирдің жұптық сынында жартылай финал матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Ресей спортшысы Дарья Лодиковамен жұп болып, белгиялық дуэт Челси Ванхотт — Сабина Дадачиуді екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Енді Жібек Құламбаева финалда Лодиковамен бірге швед-грекиялық дуэт – Жаклин Кабай Авад және Марта Матуламен кездеседі.

Айта кетейік, Ж.Құламбаева қазіргі уақытта Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде жекелей сында 446-орында тұр.


Фото: Sports.kz

Соңғы жаңалықтар