Теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Алматы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Ж. Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді.

Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Алматы турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталды.

Соңғы жаңалықтар