+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Теннисші Юлия Путинцева Рим турнирінің ширек финалына шықты

2020 жылғы 18 қыркүйек 20:01
Бөлісіңіз:
Теннисші Юлия Путинцева Рим турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмады Теннис: Скатов пен Құламбаева Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты Теннис: Бублик Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шыға алмады

Дүниежүзілік рейтингте 30-орында тұрған Ю.Путинцева үшінші айналымда отандасы, Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Е.Рыбакинамен кортқа шықты.

Елена биыл 21-ге толса, тәжірибелі қарсыласы 25-те еді.

Бірінші партияда сәттірек ойнаған Е.Рыбакина жеңіске жетті – 6:4.

Екінші сетте Ю.Путинцева брейк жасап, алға шыққанымен, қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді – 1:1. Бұдан кейін Елена есепті 4:1-ге жеткізді. Есеп 5:3 болып, Е.Рыбакина матчқа доп бергенде, оның қателігін пайдаланған Юлия брейк жасай алды. Сосын есеп тағы теңесті – 5:5. Тай-брейкте Путинцева әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияда Юлия 4:1 есебімен алға кетті. Ақыры ол кездесуді тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Матч барысында Е.Рыбакина көбірек эйс жасағанымен, өз геймі кезінде доп беруде жиі қателесті. Әйтпесе оған жекпе-жекті екінші сетте өз пайдасына аяқтауға болатын еді.

Қос қазақстандық айқасқан тартысты бәсеке 2 сағат 40 минутқа созылды.

Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы доданың 1-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингте 29-орында тұрған Украинаның 20 жастағы жұлдызы Даяна Ястремскаяны 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын Ю.Путинцева US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Ю.Путинцева мен Е.Рыбакинаның Римде өзара кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салатынын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT