Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы жарыстың ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 128-інші, доданың 6-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернермен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте К.Табернер сәттірек ойнады – 7:6 (7:2).

Бұдан кейін Т.Скатов күш алып кетті – 6:2, 6:2.

Үш сағат 13 минутқа созылған аса тартысты матчта Тимофей эйс жасамағанымен, 19 брейк-пойнттың алтауын құр жібермеді. Қарсыласы 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Т.Скатов бір айға жетпейтін уақыт ішінде К.Табернерді екінші рет ұтып отыр. 23 қыркүйекте дәл осындай Брага (Португалия) челленджер турнирінде 7:6 (7:2), 6:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Тимофей Скатов Пармада жартылай финалға шығу үшін мажарстандық Мате Валкуш немесе италиялық Джанмарко Моронидің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чехиядағы турнирдің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина жекелей сында Чехиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Астана турнирінде Александр Бублик ширек финалға шыға алмады.

Астана турнирінде ширек финалға шыққан ойыншылар анықталды.

Соңғы жаңалықтар