Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада Лиссабон жарысының финалына дейін жетіп, соның нәтижесінде әлемдік рейтингіде 233-тен бірден 209-сатыға көтерілген Т.Скатов үшін қай доданы да табысты өткізу маңызды.

Бұл жолы қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 513-орындағы италиялық Стефано Наполитаномен кортқа шықты.

Т.Скатов 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 1 сағат 44 минутқа созылған матч барысында эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 128-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернер немесе рейтингте 463-сатыдағы италиялық Франческо Фортидің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Astana Open ATP 500 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы жеңіліп қалды.

Карен Хачанов Астанаға теннис жұлдыздары жиналғанын айтты.




Фото: ktf.kz






Соңғы жаңалықтар