Теннисші Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әлемнің 160-ракеткасы М. Кукушкин іріктеу додасының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, онда Михаил басым түскен еді.

Бұл жолы небәрі 52 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бәсеке барысында төрт брейк жасай білді.

Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін М. Кукушкин әлемнің 230-ракеткасы, германиялық Филипп Кольшрайбермен таласады.

Уимблдон – жыл сайын өтетін «Үлкен дулыға» жарысының үшіншісі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің ірі жарыстарда бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисшідердің әлемдік рейтингідегі орындары анықталған еді.


Соңғы жаңалықтар