Теннисші Карина Жұмажанова Бахрейнде өткен ATF турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас теннисші Карина Жұмажанова Бахрейнде өткен ATF 14& under турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ақтық сында Карина Гонконг спортшысын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Ал, Іңкәр Дүйсебайды 6:2, 6:1 есебімен жеңген Дильназ Машабаева үшінші орынды алды.

Жеке санатта кортқа шыққан тағы бір қазақстандық Данир Қалдыбеков үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Данияр Қалдыбеков үндістандық теннисшімен жұптық ойында жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар