Теннисші Гөзал Айнитдинова Астанадағы жарыстың екінші айналымына өтті

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 505-орында тұрған Г.Айнитдинова бастапқы кездесуін әлемнің 193-ракеткасы, ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Анна Данилина жекелей сында македониялық Лина Джерческаға (223 WTA) 1:6, 4:6 есебімен жол берсе, Жібек Құламбаева хорватиялық Тена Лукастан ұтылып қалды – 2:6, 6:7 (3:7). Аружан Сағындықова әлемнің 167-ракеткасы, ресейлік Полина Кудерметовамен кездесуде бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 4:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын үш қазақстандық теннисшінің жұптық сында Астанадағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Дубай турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық жас теннисші Еуропадағы үздік 50 ойыншының қатарына кірді.

Соңғы жаңалықтар