+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

2020 жылғы 26 қыркүйек 19:51
Бөлісіңіз:
Теннисші Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді Теннис: Бублик жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмады Теннис: Скатов пен Құламбаева Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда украиналық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Э.Свитолина басым түсті - 6:2.

Тартысты бәсеке 1 сағат 52 минутқа созылды.

Е.Рыбакинаның WTA жарысында финалға дейін жетуі де - жақсы көрсеткіш. Енді ертең Парижде басталатын Франция ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, табысы көбейіп, рейтингісі жоғарылайтыны анық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT