+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты

2020 жылғы 13 ақпан 01:01
Бөлісіңіз:
Теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте 58-орында тұрған франциялық Фиона Ферромен кортқа шықты.

Бірінші партияда брейк жасаған франциялық спортшы 3:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Е.Рыбакина қатарынан бес геймді алып, сетті жеңіспен бітірді – 6:3.

Екінші сетті Ф.Ферро тағы да брейкпен бастады – 3:0. Дегенмен Е.Рыбакина көп ұзатпай, таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:3. Ақыры матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингте 159-орында тұрған тағы бір франциялық Осеан Доденмен таласады. О.Доден екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы доданың 4-ракеткасы, ұлыбританиялық Йоханна Контені 6:3, 6:4 есебімен ұтып кетті.

Бір қызығы, іріктеу сайыстарының финалында Ф.Ферро осы О.Доденнен жеңіліп қалған болатын. Кейін латвиялық теннисші Анастасия Севастова негізгі турнирге қатысудан бас тартқаннан кейін соның орнына шақырылып, бірінші айналымда франциялық Каролин Гарсияны жолдан тайдырған еді.

Мәскеуде туып-өскен Е.Рыбакина 2018 жылы 18 жасында Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына дейін жетіп, мамандардың назарын аударған болатын. Сол жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің намысын қорғауға көшті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Федерация кубогында Қазақстанның теннисші қыздарының Аргентинамен ойнайтынын, Михаил Кукушкиннің Роттердам турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT