Теннисші Елена Рыбакина Бухарест турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 106-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 210-орында тұрған румыниялық Жаклин Адина Кристианмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты.

Кездесу небәрі 51 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін осы турнирдің екінші, әлемнің 54-ракеткасы, словакиялық Виктория Кузьмовамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар