Теннисші Елена Рыбакина Бухарест турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 116-ракеткасы, испаниялық Паула Бадоса Хибертпен кездесті.

Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 7:5, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Е.Рыбакиина екінші айналымда румыниялықтар, осы турнирдің бесінші, әлемнің 81-ракеткасы Сорана Кырстя немесе рейтингте 210-сатыдағы Жаклин Адина Кристианның біреуімен кездеседі.

Жүлде қоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған Бухарест турнирі 21 шілдеде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин әлемдік рейтингте 45-орынға көтерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар