+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді

2019 жылғы 11 қараша 12:14
Бөлісіңіз:
Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 36-орынғакөтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық теннисші қыз Чилидегі ITF турнирінің финалына шықты Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жоғарылады

Бұл осыған дейін 37-сатыда тұрған 20 жасар теннисшінің үздік көрсеткіші саналады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұрынғы 34-інші, ал Зарина Дияс 78-орнында қалды.

Дүниежүзілік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Чехиялық Каролина Плишкова - екінші, жапониялық Наоми Осака - үшінші орында.

Ерлер арасындағы рейтингте испаниялық Рафаэль Надаль, сербиялық Новак Джокович және швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікте тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 58-сатыға сырғып кетті. Михаил Кукушкин 67-орында қалса, Дмитрий Попко 189-дан 186-ға жоғарылады.

Қазіргі кезде теннисшілердің дені маусымды аяқтап, демалуда, сосын алдағы жылға дайындалады.

Қазақстан ерлер құрамасы алдағы аптада аса жауапты жарыс – Испанияда өтетін Дэвис кубогы финалында сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы финалына қатысатынын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT