Теннисші Денис Евсеев Шымкент турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 337-ракеткасы Д. Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті.

Д. Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рим турнирінің екінші айналымына шыққанын, Андрей Голубевтің Рим мастерс жарысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар