Теннисші Александр Недовесов АТР турнирінің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан АТР сериясындағы Челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ол екінші айналымда германиялық Янак Маденді 6:3,7:5 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші турнирдің беташарында да неміс спортшысы Марк Сиберден басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар