Теннисші Александр Недовесов Анталия турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында украиналық Денис Молчановпен бірге Анталия челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп алғашқы кездесуін америкалықтар Роберт Гэллоуэй – Алекс Лоусонмен өткізді.

А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды.

Осылайша А.Недовесов пен Д.Молчанов жүлде қоры 44 820 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шықты. Олар жартылай финалға өту үшін колумбиялық Даниэль Элахи Галан Риверос пен эквадорлық Эмилио Гомес және словакиялық Йозеф Ковалик пен мысырлық Мохамед Сафват жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі орнын сақтап қалғанын, Шымкентте халықаралық турнир өтетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар