+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Теннисші Александр Бублик Истбурн турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

2019 жылғы 22 маусым 23:32
Бөлісіңіз:
Теннисші Александр Бублик Истбурн турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик Истбурн турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 85-ракеткасы А.Бублик рейтингте 239-орында тұрған канадалық Стивен Диаспен күш сынасты. Іріктеу сайыстарының 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:6 есебімен есе жіберді. Есесіне екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0. Үшінші, шешуші партияда А.Бублик матчты жеңіспен аяқтай білді - 6:3.

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 91-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгренмен кортқа шығады. Оны ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.

Әйелдер арасында қазақстандық Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге жұптық сында Бирмингем турнирінің финалына өте алмады. Қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалда тайбэйлік Се Шувэй мен чехиялық Барбора Стрыцовадан 0:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Истбурнның негізгі турниріне, Юлия Путинцеваның Бирмингемде жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT