+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Теннис: Жібек Құламбаева Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанды

2021 жылғы 30 мамыр 19:40
Бөлісіңіз:
Теннис: Жібек Құламбаева Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкенттегі ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Жібек Құламбаева екінші айналымға шыға алмады Алматыда зейнеткерлер арасында спартакиада өтті Теннис: Тимофей Скатов ATP рейтингісінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Әлемнің 578-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 1145-орында тұрған Беларусь өкілі Кристина Дмитрукпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті бет қаратпады – 6:0.

Ж.Құламбаева бұдан бұрын Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жұптық сында да озық шыққан болатын. Сөйтіп ол турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің финалына шыққанын, Ролан Гаррос турнирі басталатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT