Теннис: Зарина Диястың Страсбургтегі қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Зарина Дияс Страсбург турнирінің ширек финалында ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездесетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін А.Павлюченкова жарыстың екінші айналымында отандасы Наталья Вихлянцеваны 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Дүниежүзілік рейтингте 31інші орында тұрған Анастасия осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелген. Ол Зарина Диястан екі жасқа үлкен, кезінде рейтингте 13-сатыға дейін көтерілген тәжірибелі теннисшілердің бірі болып саналады.

Еске сала кетейік, кеше З.Диястың әлемнің 37-інші ракеткасы, венгриялық Тимея Бабошты ұтып, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар