Теннис: Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

З.Дияс екінші айналымда әлемнің 421-ракеткасы, жапониялық Мана Аюкавамен шеберлік байқасты.

Осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте 98-орында тұрған қазақстандық спортшы қарсыласын 6:1, 6:0 есебіиен ойсырата жеңді.

Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін тағы бір жапониялық, әлемнің 269-ракеткасы Риса Одзакимен таласады.

Еске сала кетейік, жуырда Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF жарысының жеңімпазы атанып, үздік 100 теннисшінің қатарына енген еді. Ол Фукуока жарысын да сәтті бастаған болатын.

Тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жұптық сында Мадрид турнирінің ширек финалына шықты.

Жекелей сында Мадрид турнирін жеңіспен бастап, үшінші айналымға шыққан Юлия Путинцева әлемнің 9-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартиден жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ерлер арасында Андрей Голубев пен Тимофей Скатов, содан кейін АҚШ-тағы жарыстан жеңімпаз болып келген Дмитрий Попко Шымкент турнирін сәтті бастады. Бұл жарыста Қазақстаннан Александр Недовесов пен Дмитрий Попко ғана үшінші айналымға шықты.

Соңғы жаңалықтар