Теннис: Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің үшінші, әлемнің 115-ракеткасы З.Дияс ширек финалда жапониялық, рейтингте 168-орында тұрған Куруми Нарамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда корт иесі 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Онда Зарина 7:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші, үшінші партияда брейк жасап, өз геймін алған қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:2.

Зарина Дияс финалға шығу үшін әлемнің 314-ракеткасы, аустралиялық Мэддисон Инглиспен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 608-орында тұрған Дмитрий Попко АҚШ-тағы Веро Бич ITF турнирінің ширек финалына шықты.

Ол алдымен колумбиялық Хуан Бенитес Чаварриаганы 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін тағы бір колумбиялық Николас Мейяны тартысты матчта 6:2, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың бірінші, әлемнің 382-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың ширек финалына шыққанын, Юлия Путинцеваның Рабат турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын, тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингте бірден 27-орынға жоғарылағанын жазған болатынбыз.

Ал ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин Эшторил турнирінің алғашқы айналымынан өте алмай қалды.

Соңғы жаңалықтар