+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс Вашингтон турнирінің ширек финалына шықты

2019 жылғы 2 тамыз 03:42
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс Вашингтон турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Вашингтон WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Юлия Путинцева WTA рейтингіндегі үздік отыздыққа жақындап қалды Теннис: Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазынан ұтылып қалды Теннисші Елена Рыбакина Линц турнирін сәтті бастады

Дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда осы жарыстың бесінші, әлемнің 35-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кортқа шықты.

Бірінші партияны қарқынды бастаған Зарина 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен қарсыласы да беріспей, 4:5-ке дейін қысқартты. Бұдан кейін Зарина тағы бір брейк жасай алды - 6:4.

Екінші сетті украиналық теннисші брейкпен бастады - 2:0. Зарина да қалыспай, таразы басын теңестіре алды - 2:2. Ақыры З. Дияс матчты тағы бір брейкпен тәмамдады.

Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.

Зарина ширек финалда әлемнің 62-ракеткасы, италиялық Камила Джорджимен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Мексикадағы Лос Кабос турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Кукушкиннің ендігі қарсыласы - әлемнің 27-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцман.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT