Теннис: Зарина Дияс Ухань турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Қытайдағы Ухань WTA турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 85-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 311-орында тұрған даниялық Клара Таусонмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:2. Үшінші, шешуші сетте Зарина есесін жіберген жоқ - 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 17 минутқа созылды.

Зарина іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 64-ракеткасы, америкалық Лорен Дэвиспен шеберлік байқасады. Оны жеңген жағдайда негізгі турнирге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Осака турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар