Теннис: Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік рейтингте 65-інші орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда жапониялық, әлемнің 314-інші ракеткасы Мияби Инуэні 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін финалда рейтинтге 318-інші сатыдағы тағы бір жапониялық Риса Одзакиді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Зарина Диястың Токионың негізгі турниріндегі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін З.Диястың Хиросима турнирінің  жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз. Бұл жарыста финалда америкалық 17 жасар Аманда Анисимованы жеңген Қытайлық Тайбэйдің өкілі Се Шувэй чемпион атанды.

 

Соңғы жаңалықтар