Теннис: Зарина Дияс Токио турнирінің екінші айналымына шыға алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токио турнирінің алғашқы айналымында чехиялық Барбора Стрыцовамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайтын турнирдің 8-інші ракеткасы болып тіркелген Б.Стрыцова рейтингте 25-інші, ал Зарина 94-інші орында тұрған еді.

Бірінші партияда чехиялық теннисші 6:4 есебімен басымдылық көрсетті.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Барбора брейк жасап, алға шықты. Ақыры ол бұл партияда да 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Зарина Дияс бұл жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын.

Еске сала кетейік, кеше тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Гуанчжоу турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз. Ол екінші айналымда германиялық Сабина Лисицкимен кортқа шығады.

Бұл жарыстың жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары.

 

Соңғы жаңалықтар