Теннис: Зарина Дияс Страсбург турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-інші ракеткасы Зарина Дияс Страсбург (Франция) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зарина жүлде қоры 300 мың АҚШ долларына жуықтайтын байрақты жарыстың бірінші айналымында әлемнің 382-інші ракеткасы, поляк қызы Катажина Питермен кездесіп, 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

З.Дияс екінші айналымда осы турнирдің 6-ыншы ракеткасы болып тіркелген венгриялық Тимея Бабош немесе франциялық Фиона Ферроның біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбург турнирінде, Юлия Путинцеваның Нюрнбергте, ал ерлер арасында Лиондағы жарыста Михаил Кукушкиннің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар