Теннис: Зарина Дияс Шэньчжэнь турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Шэньчжэнь (Қытай) турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингте 75-орында тұрған З.Дияс ширек финалда әлемнің 35-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті.

Қарсыластар матчты брейк алмасумен бастады. Партия барысында тағы бір брейк жасаған испаниялық спортшы басымдылық танытты - 6:4.

Екінші сетте Зарина 3:0 есебімен алға кетті. Бұл жолы қазақстандық теннисші сол қарқынынан танған жоқ - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда бірден алға шыққан Мугуруса сол мүмкіндігін пайдалана білді - 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды.

Г.Мугуруса финалға шығу үшін қытайлық Ван Цян немесе ресейлік Екатерина Александрованың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Доха турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар