+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

2021 жылғы 31 мамыр 19:08
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды Astana Open: Зарина Дияс екінші айналымға шықты UEFA Чемпиондар лигасы: бүгін топтық кезеңінің екінші туры басталады

Дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 71-ракеткасы, ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен кортқа шықты.

Қарсыластар бұған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен.

Бірінші партияда Зарина басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте Х.Уотсон алға кетті – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестіре білді – 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Тартысты бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.

З.Дияс екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 161-сатыдағы, негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған аустралиялық Сторм Сандерстің біреуімен шеберлік байқасады.

Өткен жылы Франция ашық чемпионатында Зарина Тунис өкілі Онс Жаберге 6:4, 3:6, 1:6 есебімен есе жіберіп, алғашқы айналымнан аса алмаған еді. Биыл О.Жабер тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевамен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Жібек Құламбаеваның Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

М.Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT