ТЕННИС: Зарина Дияс өз бағын Хобарт турнирінде сынауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 32-інші орында тұрған Зарина Дияс Австралияның Хобарт қаласында 11-17 қаңтар аралығында өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысуда.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аталмыш турнирдің жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары. Бұл жарыстың бірінші ракеткасы дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған австралиялық Кейси Деллакуа болса, Зарина №2 теннисші болып сынға түседі. Турнирге сондай-ақ италиялық Камила Джорджи, американдықтар Слоан Стивенс, Элисон Риске, чехиялық Клара Кукалова, германиялық Мона Бартель, жапониялық Куруми Нара сынды белгілі теннисшілер қатысуда.

Зарина Дияс бірінші айналымда испандық Сильвия Солер-Эспиносамен күш сынасады. Оны ұтқан жағдайда словакиялық Даниэла Гантухова немесе голландиялық Рихел Хогенкамптың қай жеңгенімен кортқа шығады.

Бұл турнир 19 қаңтарда басталатын Австралияның ашық чемпионатына дайындық іспеттес.

Айта кетейік, өткен аптада З.Дияс Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен жарыста ширек финалға дейін жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар