+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс Осаканың негізгі турниріне жолдама алды

2019 жылғы 15 қыркүйек 13:15
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс Осаканың негізгі турниріне жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Жапонияда Осака WTA негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Елена Рыбакина Люксембург турнирінің финалына шыға алмады Қазақстандық теннисші қыз АҚШ-тағы турнирде финалға шықты Теннис: Бублик Вена турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Әлемнің 80-ракеткасы З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 327-орында тұрған жапониялық Киока Окамурамен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өзі доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:1.

Екінші сетте де Зарина өз геймдерін ала отырып, брейкпен алға шықты – 3:1. Тағы бір брейк жасап, тартысты болған алтыншы геймде қарсыласының есепті қысқартуына мүмкіндік бермеді – 5:1. Ақыры матчқа доп бергенде, босаңсыған жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Заринаның негізгі турнирдегі қарсыласы кейін анықталады.

З.Дияс бұған дейін Хиросима додасына қатысқан болатын. Онда Заринаның жолын кескен жапониялық Нао Хибино бүгін осы турнирдің чемпионы атанды.

Жүлде қоры 823 мың АҚШ долларына бағаланған, 16-22 қыркүйек аралығында өтетін Осака турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева да бақ сынайды. Ол бастапқы бәсекесін әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізеді. П.Мартич Қытайдағы Чжэнчжоу турнирінің финалында бүгін чехиялық Каролина Плишковамен бас жүлдені сарапқа салады.

Осака додасына осы жарыстың өткен жылғы финалисі (онда Каролина Плишковаға есе жіберген болатын), жапониялық Наоми Осака бастаған мықты теннисшілер қатысады. Өткен жылы З.Дияс чехиялық Барбора Стрыцовадан жеңіліп, бірінші айналымнан аса алмаған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Осака турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын, Елена Рыбакинаның Наньчан додасының финалына шыққанын, сондай-ақ Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Ыстанбұл жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT